10 Ал енді, Мұсаның осыны айтқанынан бері қырық бес жыл өтті. Алайда біздер — Исраил халқы айдаланы кезіп жүрген осы уақыт бойы Жаратқан Ие Өзінің уәдесі бойынша мені аман-есен сақтап келді. Міне, жасым сексен беске келсе де, алдыңызда тұрмын. 11 Мұса мені елді барлауға жіберген кездегідей қазір де мықтымын. Сол кездегідей қазір де шайқасқа шығып, соғысуға әлім жетеді.
Publicidade