Ефтахтың қызының Құдайға бағышталуы
34 Ефтах өзінің Миспадағы үй-жайына келгенде, оның алдынан даңғыраны сыңғырлатып, би билеп өз қызы шыға келді! Ол Ефтахтың жалғыз баласы еді, одан басқа Ефтахтың ұлы да, қызы да жоқ болатын. 35 Қызының осылай келе жатқанын көргенде, Ефтах көйлегінің өңірін жыртып:
— Әттең, қызым-ай! Сен мені қатты қайғыртып, үлкен қасіретке түсіріп отырсың. Мен өз аузыммен Жаратқан Иеге ант еткен едім, енді соны қайтарып ала алмаймын! — деді.