6 Содан кейін әйел күйеуіне келіп, былай деді: «Маған Құдайдың жіберген бір адамы13:6 Немесе: Құдайдың пайғамбары; яки: хабаршысы. (Пайғамбарлар солай деп те аталатын: 13:8; Заң 33:1; Еш 14:6; Пат1 2:27; 9:6-10. Періштелер кейде адам кейпінде көрінетін: 2:1; 6:20; Жар 18:2; 19:1.) келіп кетті. Оның сыртқы көрінісі Құдайдың періштесі сияқты үрей туғызады. Мен оның қайдан келгенін сұраған жоқпын, ол да өзінің аты-жөнін айтқан жоқ. 7 Бірақ ол маған: Аяғың ауырлап, ұл туасың. Бұдан былай шарап пен ашыған басқа да сусын атаулыны ішпе, әрі қандай да болмасын арам нәрсені жеме. Себебі бала құрсақта жатқан кезінен өлген күніне дейін Құдайға ерекше бағышталған жан болады! — деді».
8 Маноғах Жаратқан Иеге сиынып: «Уа, Ием, Өзің бізге жіберген адамың қайтып келіп, дүниеге келетін осы балаға не істеуіміз керек екенін үйрете көрсін», — деп өтінді.