13 Бірақ періште оған тіл қатып былай деді:
— Зәкәрия, қорықпа! Тілегің қабыл болып, әйелің Елізабет саған ұл туып береді. Ұлдың атын Жақия деп қоясың. 14 Төбең көкке жете қуанып шаттанасың, көп адамдар да оның дүниеге келгеніне қуанады. 15 Ол Жаратқан Иенің алдында мәртебелі болып, шарап, сыра атаулыдан аулақ жүретін болады.1:15 Оның Құдайдың қызметіне ерекше бағышталуының белгісі (Рул 6:1-3; Бил 13:4; Түсіндірмедегі «Назир антын» да қараңыз). Ана құрсағында жатқанда-ақ ол Киелі Рухқа1:15 Яғни Құдайдың Рухына (1:41,67; 2:25-26; Түсіндірмені де қараңыз). кенеледі.