Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 1

13 Бірақ періште оған тіл қатып былай деді:

— Зәкәрия, қорықпа! Тілегің қабыл болып, әйелің Елізабет саған ұл туып береді. Ұлдың атын Жақия деп қоясың. 14 Төбең көкке жете қуанып шаттанасың, көп адамдар да оның дүниеге келгеніне қуанады. 15 Ол Жаратқан Иенің алдында мәртебелі болып, шарап, сыра атаулыдан аулақ жүретін болады.1:15 Оның Құдайдың қызметіне ерекше бағышталуының белгісі (Рул 6:1-3; Бил 13:4; Түсіндірмедегі «Назир антын» да қараңыз). Ана құрсағында жатқанда-ақ ол Киелі Рухқа1:15 Яғни Құдайдың Рухына (1:41,67; 2:25-26; Түсіндірмені де қараңыз). кенеледі. 16 Жақия исраилдіктердің көбін өздерінің Құдайы — Жаратқан Иеге қайтадан келтіреді. 17 Ілияс1:17 Ежелде Киелі Рухтың күшімен Исраил халқын теріс жолдан қайтып, Құдайға мойынсұнуға шақырған пайғамбар (Пат3 18:21-40; Мал 3:1; 4:5-6; Мат 17:9-13). пайғамбарға дарыған Құдайдың Рухы мен күшіне ол да бөленіп, Иеміздің алдынан жүретін болады. Әкелерді балаларымен татуластырып, қыңыр мінезділерді әділ жандардың тура жолына бет бұрғызады. Осылайша ол халықты Иеміздің келуіне әзірлейді. —

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também