Қайырымды самариялық туралы астарлы сөз
25 Сол кезде Таурат заңын үйретуші бір ғұлама10:25 Яғни Таураттағы діни заңдарды халыққа түсіндіріп, олардың орындалуын қадағалаушы адам. Исаның ұстанған ілімін сынамақшы болды. Ол орнынан тұрып:
— Ұстаз, мәңгілік өмірге жетуім үшін не істеуім керек? — деп сұрағанда, 26 Иса оған:
— Таурат заңында не деп жазылған, не оқып жүрсің? — деген сауал қойды. 27 Сол адам былай деп жауап берді:
— «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!» Және «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!»10:27 (Заң 6:5; Леу 19:18) Яки: «Өзіңді қалай сүйсең, басқаларды (яғни өмір жолыңда Құдай өзіңе кездестірген жандарды) да солай сүй!» делінген.
28 Иса оған:
— Дұрыс жауап бердің. Осылай істейтін бол, сонда (мәңгі) өмір сүресің,10:28 Әрине, өз күшімен адам осылай істей алмайды. Исаның мұндағы мақсаты осы адамның соны ұғып, тәубеге келуі болған болса керек (Рим 7:18-19,23-25; Жох1 1:8-9). — деді.