30 Иса оған былай жауап берді:
— Бір адам Иерусалимнен Иерихон қаласына кетіп бара жатып, қарақшылардың қолына түсіпті. Қарақшылар оның киімдерін сыпырып алып, өзін жарақаттап, шала-жансар етіп тастап кетіпті. 31 Бір діни қызметкер сол жолмен кездейсоқ келе жатып, оны көре тұра қасынан өтіп кетеді. 32 Дәл солай жаңағы жерге келген ғибадатхана қызметшісі10:32 Яки: леуілік көмекші (Жох 1:19; Түсіндірмені де қараңыз). де оған қарап, қасынан өтіп кетеді.
33 Содан кейін бұл жерге жолаушылап бара жатқан бір самариялық10:33 Діндар яһудилер самариялықтарды менсінбей, олармен қарым-қатынас жасамайтын (9:52). келеді. Әлгі адамды көргенде оған жаны ашып, 34 қасына барады да, жараларын маймен және шараппен жуып-шайып, таңады. Оны есегіне мінгізіп алып, қонақүйге апарып, күтеді. 35 Самариялық адам ертеңінде жолға шығарда, қонақүйдің иесіне екі күміс теңге беріп: «Мына кісіге қамқорлық жасай гөр. Егер артық шығын шығарсаң, мен қайтып оралған кезде төлеймін», — дейді.
36 Ал енді, қарақшылардың қолына түскен кісіге бұл үшеуінің қайсысы «маңайындағы адам» болды деп ойлайсың? — деп Иса сол ғұламаға сұрақ қойды. Ол:
37 — Әрине, оған қайырымдылық көрсеткені, — деді. Сонда Иса оған:
— Сен де солай істейтін бол! — деп тапсырды.