15 Содан Ол халыққа қарап: — Абайлаңдар, дүниеқор болудан сақтаныңдар! Байлығы қанша зор болса да, адам сол арқылы өз өмірінің иесі бола алмайды,12:15 Яки: Адамның өмірі өз байлығының молдығына байланысты емес (12:19-23,31). — деді.
16 Бұдан кейін Иса оларға мына астарлы әңгімені айтып берді:
— Бір бай кісінің егіндік жері мол өнім береді. 17 Ол ішінен: «Не істесем екен? Астығымды жинап қоятын жерім жоқ, — деп ойланады. 18 — Былай істеймін: қамбаларымды бұзып, үлкейтіп қайтадан саламын. Соларға бүкіл астығым мен мал-мүлкімді жинап қоямын. 19 Сосын өзіме: көп жылға жететін мол қорың бар, енді демалып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер деймін». 20 Бірақ Құдай оған: «Ей, түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып-тергенің кімге қалады?» — дейді.
21 Өзі үшін байлық жинап, ал Құдаймен қарым-қатынасында бай болмаған12:21 Яки: ал өмірінің Құдайға маңызды жақтарында бай болмаған (6:24-26; 12:31-34; 16:25; 18:22; Мат 6:19-20; 25:35-36,40,45). адамның ақыры осындай.