Мүгедек әйелдің діни демалыс күні сауығуы
10 Бір демалыс күні13:10 Яһуди халқы дем алып, Құдайға сиынатын сенбі күні ешқандай жұмыс істеуге болмайтын (6:1-2,8; 14:3-5). Иса мәжілісханалардың бірінде жұртқа тәлім беріп жатты. 11 Сол жерде бүкірейіп қалған бір ауру әйел де бар еді. Ол жын соққандықтан он сегіз жылдан бері денесін тік ұстай алмайтын. 12 Иса әйелді көріп, қасына шақырды да:
— Замандас, енді ауруыңыздан құтыласыз, — деп, 13 үстіне қолын қойды. Әйел сол сәтте-ақ бойын жазып түрегеліп, Құдайға мақтау айта бастады.
14 Бірақ мәжілісхананың жетекшісі Исаның ауруды діни демалыс күні болса да сауықтырғанына ашуланып, жұртқа:
— Жұмыс істейтін алты күн бар. Емделуге демалыс күні емес, басқа күндері келіңдер! — деп бұйырды. 15 Ал Иеміз оған:
— Ей, екі жүзді! Демалыс күні болса да, әрқайсың өгізің мен есегіңнің байлауын шешіп босатып, суаруға апарасыңдар ғой?! 16 Ал енді, Ыбырайым атаның мына ұрпағын шайтан он сегіз жылдан бері байлап-матап келді.13:16 13:11; 4:18-19. Оны сол бұғаудан демалыс күніне бола босатпау қажет пе еді? — деп жауап берді. 17 Иса осыны айтқанда, Оған қарсылық көрсеткендердің бәрі ұялып қалды. Ал басқа жұрт түгелдей Оның істеген кереметтеріне қуанды.