Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 13

12 Иса әйелді көріп, қасына шақырды да:

— Замандас, енді ауруыңыздан құтыласыз, — деп, 13 үстіне қолын қойды. Әйел сол сәтте-ақ бойын жазып түрегеліп, Құдайға мақтау айта бастады.

14 Бірақ мәжілісхананың жетекшісі Исаның ауруды діни демалыс күні болса да сауықтырғанына ашуланып, жұртқа:

— Жұмыс істейтін алты күн бар. Емделуге демалыс күні емес, басқа күндері келіңдер! — деп бұйырды. 15 Ал Иеміз оған:

— Ей, екі жүзді! Демалыс күні болса да, әрқайсың өгізің мен есегіңнің байлауын шешіп босатып, суаруға апарасыңдар ғой?! 16 Ал енді, Ыбырайым атаның мына ұрпағын шайтан он сегіз жылдан бері байлап-матап келді.13:16 13:11; 4:18-19. Оны сол бұғаудан демалыс күніне бола босатпау қажет пе еді? — деп жауап берді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também