Құдайдың Патшалығы кішкентай болып басталып, үлкейе бермек
18 Содан кейін Иса былай деді:
— Құдайдың Патшалығы қандай нәрсеге ұқсас, оны немен салыстырайын? 19 Ол бір адамның бақшасына еккен қыша дәніне13:19 Яки: горчица тұқымына. ұқсас: сол майда тұқым өскенде биік болып шығып, бұтаға айналады. Оның бұтақтарына құстар ұшып келіп, паналайды.13:19 Құдайдың игілікті Әкімшілігі керемет өсіп, онда яһудилермен қатар басқа халықтардың адамдары үшін де орын болады (24:47; Дан 4:11-12; Жох 10:16; Рим 11:17).