Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 14

Діни ережені сақтау мен қайырым көрсетудің қайсысы маңыздырақ?

1 Иса бір діни демалыс күні парызшылдар қауымының қайсыбір бастығының үйіне дәм татуға келгенде, бәрі Оны бақылап отырды. 2 Кенеттен Оның алдына шемен ауруына ұшыраған біреу келді. 3 Сонда Иса Таурат заңын үйретуші ғұламалар мен парызшылдарға мына сұрақты қойды:

— Демалыс күні ауруды сауықтыруға бола ма?14:3 13:10,15-16.

4 Олар үндемегенде Иса әлгі адамға қолын тигізіп, оны сауықтырды да, өз жөніне жіберді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também