Онның біреуі ғана алғыс айтты
11 Иса Иерусалим қаласына сапар шегіп бара жатқанда Самария мен Ғалилея аймақтары арқылы жүрді. 12 Бір ауылға келгенде, Оған денесін алапес17:12 4:27; 5:12-13; 7:22. басқан он кісі кездесті. Олар алыстан тұрып, 13 қатты дауыстап:
— Иса, Ұстаз, бізге қайырым қыла көріңіз! — деп жалынды. 14 Иса оларға назар аударып:
— Діни қызметкерлерге барып, қаралыңдар!17:14 5:12,14. — деді. Олар сол жаққа бара жатқанда-ақ алапестен құлантаза сауығып кетті.
15 Солардың біреуі өзінің сауығып кеткенін көрген соң, қатты дауыстап Құдайға мақтау айтып қайтып келді де, 16 Исаның аяғына жығылып, Оған алғысын жаудырды. Ал бұл кісі самариялық17:16 Діндар яһудилердің көпшілігі самариялықтарды менсінбей, олармен қарым-қатынас жасамайтын (9:52-54; Жох 4:9). болатын!
17 Иса сонда:
— Сауыққандар он кісі емес пе еді, тоғызы қайда? 18 Құдайға мақтау айту үшін мына шетелдіктен басқа ешкім қайтып келмеді ме? — деп, 19 самариялыққа қарап: — Тұр да, жөніңе жүре бер. Сен сенімің арқылы құтқарылдың!17:19 7:50. — деді.