Өркөкірек парызшыл және теріс жолдан қайтқан салықшы
9 Өздерінің әділдігіне нық сеніп, басқаларды менсінбей жүрген кейбір кісілерге Иеміз мына астарлы әңгімені айтып берді:
10 — Екі адам Құдайға сиыну үшін ғибадатханаға өрлеп барыпты. Бірі парызшыл, екіншісі салық жинаушы18:10 7:29-30; Түсіндірмені де қараңыз. екен. 11 Парызшыл тұра қалып, іштей былай деп мінажат етеді: «Я, Құдай! Мен басқа адамдар сияқты қарақшы, жәбірлеуші, неке адалдығын бұзушы немесе ана салықшыға ұқсап күнәкар болмағаным үшін Саған ризашылығымды білдіремін. 12 Өйткені мен аптасына екі рет ораза ұстаймын, барлық тапқан табысымның оннан бір бөлігін қайыр-садақаға беріп тұрамын».
13 Ал салық жинаушы алыста тұрып, тіпті назарын көкке көтеруге де батылы бармай, қолын кеудесіне қойып:18:13 Яки: көкірегін соққылап. (Бұл әдет опық жеп қайғырудың сыртқы белгісі болатын: 23:48.) «Я, Құдай, мен күнәкармын, рақым ете гөр!» — деп жалбарынады. 14 Сендерге шын айтамын: екеуі үйлеріне қайтқанда, парызшылды емес, салықшыны Құдай кешіріп, ақтаған еді.18:14 Мат 5:3-6; Рим 4:5. Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады.18:14 14:11; Мат 18:4; 23:12; Жыр 31:1-2,5; 50:5,19; Жох1 1:8-9.