Салық жинаушы Зақайдың жаңа өмірге бет алуы
1 Иса Иерихонға кіргеннен кейін қаланың ішімен өтіп бара жатты. 2 Сол жерде Зақай есімді кісі бар еді. Ол салық жинаушылардың бастығы әрі бай адам болатын. 3 Зақай Исаның қандай екенін көргісі-ақ келіп еді. Бірақ қаумалаған халық көрсетпеді, себебі ол аласа бойлы болатын. 4 Зақай Исаны көру үшін алға жүгіріп барып, бір тұт ағашына19:4 Немесе: інжір (яки: сикомор) ағашына (Шеж1 27:28; Амо 7:14). шығып алды. Өйткені Иса сол жолмен өтуге тиіс еді. 5 Сол жерге келгенде Иса ағашта отырған Зақайға қарап:
— Зақай, тез төмен түс! Бүгін Мен сенің үйіңде болуым керек, — деді. 6 Ол тез төмен түсіп, Исаны қуана қарсы алды.
7 Мұны көріп тұрған жұрттың бәрі: «Мынау күнәкардың үйіне қонаққа барды!» — деп күңкілдесе бастады.19:7 3:12; 5:29-30; 15:1-2.
8 Ал Зақай орнынан тұрып, Иемізге:
— Мырза, мал-мүлкімнің жартысын кәріп-қасерлерге үлестіріп бермекпін. Егер біреуді алдап, ақысын жеген болсам, оны төрт есе артығымен қайтаратын боламын, — деді. 9 Сонда Иса:
— Бүгін осы үй іші құтқарылды! Бұл адам шын мәнінде Ыбырайым атаның ұрпағынан.19:9 (3:8; 13:16,28; 16:23) Ежелде Құдай Ыбырайым пайғамбардың ұрпағын ерекше жарылқауға уәде берген еді (1:72-75; Жар 22:17).10 Өйткені Мен тура жолдан адасып кеткендерді іздеп, құтқаруға келдім,19:10 Немесе: Өйткені Құдай тағайындаған Билеуші («Адам Ұлы») адасқандарды іздеп, құтқаруға келді. — деп жауап берді.