Қарт пайғамбарлар Шимон мен Аннаның Құтқарушыны тануы
22 Мұса пайғамбар арқылы берілген Таурат заңына2:22 Таурат заңы: Жаратқан Ие ежелде Мұса пайғамбар арқылы Исраил халқына тапсырған өсиеттер мен ережелердің жинағы (Мыс 20:1-17; 21:1; Заң 1:3,5; 4:1-2). сәйкес тазару кезеңі2:22 Ұл бала туғаннан кейінгі қырық күн. Осы кезең біткенде Иерусалимдегі ғибадатханада арнайы рәсім атқарылатын (Леу 12:2-4,6-7). біткенде, әке-шешесі Исаны Жаратқан Иенің алдына апару рәсімін орындау үшін Иерусалимге алып келді. 23 Себебі Жаратқан Ие тапсырған Таурат заңында мынадай ереже жазылған: «Құрсақтан шыққан әрбір тұңғыш ұл бала Жаратқан Иеге бағышталсын!»2:23 Мыс 13:2,12-13.24 Әке-шешесі Таурат заңында тағы айтылғандай, «екі орман кептерін немесе екі жас көгершінді»2:24 Леу 12:6-8. құрбан етпекші де болды.
25 Сол кезде Иерусалимде Шимон есімді кісі тұратын. Ол Исраил елінің көрген азабынан құтқарылуын аңсап күтіп келген2:25 Яки: Құдайдың Исраилді жұбатып жаудың билігінен азат етуін күтіп келген (1:68; 2:38). әділ, Құдайды қастерлейтін жан еді. Киелі Рух оған қонған болатын.2:25 1:35; Мыс 31:3; Бил 3:10; Пат1 10:6,10; 16:13; Пат2 23:2.26 «Жаратқан Ие жіберген Құтқарушы Мәсіхті көрмей тұрып өлмейсің», — деп Киелі Рух Шимонға алдын ала айтқан еді.
27 Енді Шимон Киелі Рухтың жетелеуімен ғибадатханаға барды. Таурат заңына сәйкес рәсімдерді атқару үшін әке-шешесі Сәбиі Исаны ғибадатханаға әкелгенде, 28 Шимон Оны қолына алып, Құдайды былай деп мадақтады:
29 «Уа, Әлемнің Әміршісі, сонымен Сен енді,
Өзің алдын ала айтқандай, мендей пендеңді
Тыныштықпен о дүниеге аттандырасың.2:29 Демек, Сен алдын ала уәде еткендей өз пендең — Мені жақсылықпен қызметімнен босатасың.
30-32 Сен бар ұлттар алдында дайындаған құтқаруың2:30-32 Немесе: Сен күллі ұлттар үшін жіберген Құтқарушың (Иш 49:6; 51:5-6; 52:10). —
Саған бағынбаған ұлттардың көзін ашатын,
Әрі халқың Исраилдің даңқын шығаратын
«Нұрыңды» мен қазір өз көзіммен көріп тұрмын!»2:30-32 1:79; Иш 49:6.
33 Жүсіп те, Нәрестенің шешесі Мәриям да Иса туралы айтылғандарға қайран қалды. 34 Шимон оларға батасын беріп, Мәриямға былай деді: «Осы Бала Исраилдегі көп адамдардың сүрініп, құлауына,2:34 Иш 8:14-15; Ош 14:9; Мат 21:42-44. ал басқалардың жоғарылауына2:34 Елш 2:36-41; 6:7; 9:17-20. себепші болады. Ол Құдайдың еркін білдіріп, көбі Оған қарсы шығады. 35 Сонда жүрек түкпірлеріндегі ой-ниеттері білініп қалады. Ал, Мәриям, сенің жаның жүрегіңді қылышпен тілгілегендей қатты ауыратын болады».2:35 Жох 19:25,34.
36 Осы жерде Ашир руынан шыққан Фануел қызы Анна пайғамбар да бар еді. Ол кезінде күйеуге шығып, онымен жеті жыл отасқан, ал енді жасы ұлғайған қарт адам болатын. 37 Сексен төрт жастағы жесір әйел ораза тұтып, күні-түні Құдайға сиынып қызмет етіп, ғибадатханадан шықпайтын. 38 Бұл кісі де сол сәтте-ақ келіп, Жаратқан Иені мадақтады. Содан ол Иерусалим қаласының құтқарылуын2:38 Яғни Иерусалим қаласының құны төленіп (Құдайға мойынсұнбайтындардың үстемдігінен) азат етілуін (1:68; 2:25; 24:21; Иш 40:1-2,9; 52:8-10). аңсап күтіп жүргендердің барлығына осы Нәресте туралы хабарды жеткізді.