Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 2

Он екі жасар Исаның ғибадатханада дін мұғалімдерімен пікірлесуі

41 Әке-шешесі жыл сайын Құтқарылу мейрамын2:41 22:1,7; Мыс 12:1-16; Түсіндірмені де қараңыз. мерекелеу үшін Иерусалимге баратын. 42 Иса он екі жасқа толғанда, олар ережеге сай мейрамды тойлауға тағы да Иерусалимге келді. 43 Мейрам күндері бітіп, әке-шешесі қайтып кетті, ал жасөспірім Иса Иерусалимде қалып қойды. Жүсіп пен Мәриям мұны білмей, 44 Исаны басқа жолаушылармен бірге келе жатыр деп ойлады. Бір күндік жол жүргеннен кейін Оны туысқандары мен таныстарының арасынан іздей бастады. 45 Таппаған соң олар Иерусалимге қайта оралды. 46 Үш күн өткенде ғана Исаны ғибадатханада ұстаздардың ортасынан айтқандарын тыңдап, сұрақтар қойып отырған жерінен тапты. 47 Тыңдап отырғандардың бәрі Исаның ұғымталдығына және берген жауаптарына қайран қалысты.

48 Әке-шешесі Оны көргенде аң-таң болды. Шешесі:

— Балам, бұл не қылғаның? Әкең екеуіміз қатты алаңдап, Сені іздеп келдік! — деді. 49 Иса:

— Мені неге іздедіңіздер? Менің Әкемнің ісімен шұғылдануым қажет,2:49 Яки: (Рухани) Әкемнің (1:35) киелі үйінде болуым қажет. әлде мұны білмедіңіздер ме? — деп жауап берді. 50 Бірақ әке-шешесі Оның айтқан сөздерін түсінбеді.

51 Иса Назарет қаласына бірге оралып, оларға мойынсұнып жүрді. Осы сөздердің бәрін2:51 Яки: (Басынан өткізген) осындай жайттардың бәрін. шешесі көңіліне түйіп алды. 52 Ал Исаның ойы2:52 Яки: даналығы. да, бойы да, Құдай мен адамдарға ұнамдылығы да арта түсті.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também