Малшыларға жеткізілген Ізгі хабар
8 Сол өңірде малшылар жүретін. Олар далада түнеп, малдарын күзетіп жатты. 9 Кенеттен қастарына Жаратқан Иенің періштесі келіп, төңіректеріне Иеміздің нұрлы салтанаты2:9 9:29; Мыс 40:34-35; Леу 9:23; Шеж2 7:1-3; Езк 1:28. сәулесін төгіп жіберді. Малшылар зәрелері ұша қорықты. 10 Ал періште оларға тіл қатып: «Қорықпаңдар! Мен сендерге үлкен қуаныш жариялаймын, ол қуаныш барлық халыққа да ортақ: 11 бүгін Дәуіттің қаласында сендердің Құтқарушыларың дүниеге келді, Ол — Иеміз Мәсіх!2:11 Мәсіх: май жағу рәсімінен өткен, Құдай ежелде жіберуге уәде еткен Құтқарушы және Патша (2:26; 9:20; Жох 20:31; Түсіндірмені де қараңыз).