Мәсіх Исаның дүниені соттау үшін қайтып келуіне дайын болу керек
25 Күнде, айда, жұлдыздарда ғажайып белгілер21:25 Яки: ғажайып құбылыстар (оқиғалар). пайда болып, жерде теңіздер шулап долданатын болады. Содан халықтар зәрелері ұшып, не істерін білмей дал болмақ. 26 Аспан денелері орындарынан қозғалғандықтан, адамдар қорқып, әлемге төнетін апаттарды күтіп естерінен тана үрейленетін болады.21:26 Немесе: апаттарды үрейлене күтіп, жан тапсыратын болады.