Мәсіх Исаның дүниені соттау үшін қайтып келуіне дайын болу керек
25 Күнде, айда, жұлдыздарда ғажайып белгілер21:25 Яки: ғажайып құбылыстар (оқиғалар). пайда болып, жерде теңіздер шулап долданатын болады. Содан халықтар зәрелері ұшып, не істерін білмей дал болмақ. 26 Аспан денелері орындарынан қозғалғандықтан, адамдар қорқып, әлемге төнетін апаттарды күтіп естерінен тана үрейленетін болады.21:26 Немесе: апаттарды үрейлене күтіп, жан тапсыратын болады.
27 Сол уақытта олар Менің Билеуші ретінде ғаламат құдіретпен, салтанатты ұлылықпен бір бұлтта келе жатқанымды көреді.21:27 Немесе: олар «Адам Ұлының» ғаламат құдіретпен, салтанатты ұлылықпен бір бұлтта келе жатқанын көреді (Дан 7:13-14; Мат 24:30; Мар 13:26; Аян 1:7).
28 Сендер бұл оқиғалар бола бастаған кезде бастарыңды көтеріп, жоғары қараңдар, себебі құтқарылуларың жақын!21:28 1:77-79; 18:7; Жыр 30:25; 37:16; 41:6. — деді Иса.