Исаның құрбан болуы — Жаңа Келісімнің негізі
19 Содан кейін Иса қолына нан алып, шүкірлік етті. Нанды үзіп, оларға беріп жатып:
— Бұл — сендер үшін құрбандыққа берілмек денем.22:19 Яки: Бұл... денемді бейнелейді. (Нанның үзіліп, үлестірілгеніндей, Исаның денесі де адамдардың Құдаймен қатынасқа кіре алуы үшін біраздан кейін құрбан болды: 23:44-46; Мат 26:26; Евр 10:19-22; Қор1 11:25-26.) Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер! — деді.
20 Сондай-ақ, кешкі астан кейін тостағанды да алып:
— Мына тостаған — сендер үшін төгілмек қаныммен бекітілген Жаңа Келісім,22:20 Яки: Мына тостаған... Жаңа Келісімді бейнелейді (Мыс 24:8; Қор1 11:25; Евр 8:13; 9:15; Түсіндірмедегі «Келісімді» де қараңыз). — деді.