Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 23

33 Олар «Маңдайтөбе»23:33 Немесе: «Бассүйек орны». деген жерге жеткен соң, Исаны айқыш ағашқа керіп шегелеп іліп, көтеріп қойды. Сондай-ақ, сол екі қылмыскерді де, біреуін Исаның оң, екіншісін Оның сол жағына айқыш ағаштарға керіп шегелеп іліп, көтеріп қойды.

34 Сонда Иса (көктегі Әкесіне сиынып): «Әке, оларды кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын түсінбейді», — деді.23:34 Иш 53:12; Елш 3:17; Қор1 2:8.

Ал жасақшылар Исаның киімдерін жеребе тастап өзара бөлісіп алды.

35 Халық сол жерде осының бәріне қарап тұрды. Басшылары тіпті Исаны мазақтап: «Мынау басқаларды құтқарыпты. Егер Ол Мәсіх — Құдайдың Таңдаулысы болса, енді Өзін құтқарып көрсін!» — деп келекеледі. 36 Жасақшылар да Исаның қасына келіп, Оған сірке суын ұсынып: 37 «Егер Яһудилердің Патшасы болсаңыз, Өзіңізді құтқара көріңіз!» — деп Оны табалады.

38 Исаның басынан жоғары айқыш ағашқа «Бұл — Яһудилердің Патшасы» деп (грек, латын және еврей тілдерінде) жазылған тақтайша бекітілген болатын.

39 Айқышқа ілінген екі қылмыскердің23:39 23:32-33. біреуі Исаға тіл тигізіп:

— Мәсіх болсаң, кәне, Өзіңді де, бізді де құтқар! — деп мысқылдады. 40 Екіншісі, керісінше, оны тоқтатып:

— Құдайдан қорықпайсың ба? Өзің де осыған кесілдің ғой. 41 Біздің үкіміміз әділ, істерімізге лайық жаза тартып тұрмыз. Ал Бұл еш жамандық істеген жоқ, — деді. 42 Содан кейін:

— Иса, Патшалығыңызға кіргенде23:42 Немесе: Ием, Патша болып қайтып келгенде (17:30; Мат 16:27). мені есіңізге ала көріңіз, — деп өтінді. 43 Иса оған:

— Саған шындығын айтамын: бүгін-ақ Менімен бірге жұмақта боласың!23:43 16:22; Қор2 12:2,4; Аян 2:7. — деді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também