Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 23

Исаның римдік әміршіге және Ғалилея әкіміне берген әділ куәлігі

1 Жоғарғы кеңесте жиналғандардың бәрі орындарынан тұрып, Исаны Пилатқа алып барды. 2 Сонда олар Оны айыптай бастап былай деді:

— Біз мына Кісінің халқымызды бүлдіріп жүргенін тексеріп, анықтадық. Ол Рим патшасына салық төлемеңдер деп үгіттеп, Өзін Мәсіхпін, яғни Патшамын, деп жүр! — 3 Сонда Пилат Исаға:

— Сен Яһудилердің Патшасысың ба? — деген сұрақ қойды. Иса:

— Өзіңіз айтып тұрсыз, — деп жауап берді. 4 Пилат басты діни қызметкерлер мен жиналған халыққа:

— Мен бұл Адамнан ешқандай кінә таппай тұрмын, — деді. 5 Бірақ олар одан бетер нығарлап:

— Бұл Ғалилеядан бастап осы жерге дейін бүкіл Яһудея бойынша өз ілімін таратып, елді көтеріліске желіктіріп жүр! — деп айыптады.

6 Пилат Ғалилея аймағы туралы естігенде:

— Бұл Өзі ғалилеялық па еді? — деп сұрады. 7 Осылай Исаның Ирод (Антипас)23:7 Жақия пайғамбарды өлтірген қатыгез аймақ әкімі (3:1; 9:7-9). билеген Ғалилея аймағынан екенін білген соң, Пилат Исаны сол кісіге жіберді. Өйткені Ирод та бұл күндері Иерусалимде жүрген еді.

8 Ирод Исаны көргеніне қатты қуанды. Себебі ол Иса туралы көп естіген соң, бір керемет көрсетер деп үміттеніп, Оны көптен бері көргісі келіп жүрген еді.23:8 9:7-9; 13:31; Мар 6:14-16,26-28.9 Ирод Исаға көптеген сұрақтар қойды, бірақ Ол еш жауап бермеді.23:9 Иш 53:7; Пет1 2:21-23.

10 Ал басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері сол жерде тұрып, Исаны қатты айыптады. 11 Сонда Ирод жасақшыларымен бірге Оны қорлап мазақтап, үстіне әдемі шапан жауып, Пилатқа қайтарып жіберді. 12 Осы уақытқа дейін қастасып келген Пилат пен Ирод сол күні татуласып, өзара дос бола қалды.

Әділетсіз үкім

13 Пилат басты діни қызметкерлерді, рубасыларды және халықты шақырып алып, 14 оларға былай деп шешімін айтты:

— Мына Адамды халықты бүлдіріп жүр деп, маған алып келдіңіздер. Міне, мен Оны алдарыңызда тергеп, бұл Адамнан сіздер айыптайтындай ешқандай кінә таппадым! 15 Ирод та солай етті, өйткені мен Оны соған жіберген едім.23:15 Яки: Ирод та Одан еш кінә таппай, Оны бізге қайтарып жіберді. Демек, Ол өлім жазасына кесетіндей ешқандай қылмыс жасаған жоқ. 16 Сондықтан Оны соқтырып, босатып жіберемін. — 17 (Себебі мейрамның құрметіне әміршінің халыққа бір тұтқынды босатып беруі керек болатын.)23:17 Мат 27:15.18 Бірақ жиналған халық түгелдей:

— Ол өлтірілсін! Орнына бізге Бараббаны босатып беріңіз! — деп қатты айқайлап жауап қайтарды. 19 Барабба қалада бүлік шығарып, кісі өлтіргені үшін түрмеге жабылған еді.

20 Пилат Исаны қоя бермекші болып, қайтадан даусын көтере сөйледі. 21 Бірақ олар:

— Айқышқа шегеленсін, айқышқа! — деп шулап кетті. 22 Пилат оларға үшінші рет:

— Сонда Ол қандай қылмыс жасады? Мен Одан өлім жазасына кесетіндей ешқандай кінә таппай тұрмын. Сондықтан Оған дүремен сабақ беріп, босатып жіберемін, — деді. 23 Бірақ басты діни қызметкерлер мен халықтың көпшілігі бар дауыспен:

— Оны айқышқа шегелетіңіз! — деп айқай салып талап ете берді.

Ақырында олар айқайларымен дегендеріне жетіп, 24 Пилат талаптары орындалсын деп шешті. 25 Сөйтіп ол бүлік шығарып, кісі өлтіргені үшін түрмеге жабылған адамды олардың сұрауы бойынша босатып жіберді. Ал Исаны тілектеріне сай өлімге кесіп, жасақшылардың қолына тапсырды.

Үкімнің орындалуы

26 Жасақшылар Исаны жазалайтын жерге алып бара жатқанда, даладан қалаға келе жатқан Шимон есімді күренелік23:26 Күрене: сол заманғы солтүстік Африкадағы қала және өлке, қазіргі Либия жері (Елш 2:10). кісіге тап болды. Олар Шимонға айқыш ағашты арқалатып, оны Исаның соңынан алып жүруге мәжбүр етті.

27 Исаға өте көп халық ілесіп, көптеген әйелдер жоқтау айтып еңірей жылап келе жатты. 28 Ал Иса оларға бұрылып, былай деді:

— Иерусалимнің әйелдері, Мен үшін жыламаңдар, өздерің мен балаларың үшін жылаңдар! 29 Себебі жұрт «Құрсақ көтермейтін, бала сүймеген, емшек емізбеген әйелдер бақытты!» дейтін, азапты күндер келеді.23:29 21:23-24; Мар 13:17-19.30 Сол уақытта адамдар тауларға: «Үстімізге құлап түсіңдер!» әрі төбелерге: «Бізді басып, жасырып тастаңдар!»23:30 Ош 10:8; Иш 2:19; Аян 6:16. деп жалынатын болады. 31 Егер жасыл ағашқа бұлай істелсе, онда қураған ағашпен не болмақ?!23:31 Яғни өмірдің қайнары — кінәратсыз Өзім осындай азап шексем, күнәкарлардың қатаң жаза тартатыны сөзсіз! (19:41-44; Жох 15:6; Иш 10:16-19)

32 Жасақшылар Исамен бірге екі қылмыскерді де өлтіруге алып бара жатты. 33 Олар «Маңдайтөбе»23:33 Немесе: «Бассүйек орны». деген жерге жеткен соң, Исаны айқыш ағашқа керіп шегелеп іліп, көтеріп қойды. Сондай-ақ, сол екі қылмыскерді де, біреуін Исаның оң, екіншісін Оның сол жағына айқыш ағаштарға керіп шегелеп іліп, көтеріп қойды.

34 Сонда Иса (көктегі Әкесіне сиынып): «Әке, оларды кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын түсінбейді», — деді.23:34 Иш 53:12; Елш 3:17; Қор1 2:8.

Ал жасақшылар Исаның киімдерін жеребе тастап өзара бөлісіп алды.

35 Халық сол жерде осының бәріне қарап тұрды. Басшылары тіпті Исаны мазақтап: «Мынау басқаларды құтқарыпты. Егер Ол Мәсіх — Құдайдың Таңдаулысы болса, енді Өзін құтқарып көрсін!» — деп келекеледі. 36 Жасақшылар да Исаның қасына келіп, Оған сірке суын ұсынып: 37 «Егер Яһудилердің Патшасы болсаңыз, Өзіңізді құтқара көріңіз!» — деп Оны табалады.

38 Исаның басынан жоғары айқыш ағашқа «Бұл — Яһудилердің Патшасы» деп (грек, латын және еврей тілдерінде) жазылған тақтайша бекітілген болатын.

39 Айқышқа ілінген екі қылмыскердің23:39 23:32-33. біреуі Исаға тіл тигізіп:

— Мәсіх болсаң, кәне, Өзіңді де, бізді де құтқар! — деп мысқылдады. 40 Екіншісі, керісінше, оны тоқтатып:

— Құдайдан қорықпайсың ба? Өзің де осыған кесілдің ғой. 41 Біздің үкіміміз әділ, істерімізге лайық жаза тартып тұрмыз. Ал Бұл еш жамандық істеген жоқ, — деді. 42 Содан кейін:

— Иса, Патшалығыңызға кіргенде23:42 Немесе: Ием, Патша болып қайтып келгенде (17:30; Мат 16:27). мені есіңізге ала көріңіз, — деп өтінді. 43 Иса оған:

— Саған шындығын айтамын: бүгін-ақ Менімен бірге жұмақта боласың!23:43 16:22; Қор2 12:2,4; Аян 2:7. — деді.

Исаның қайтыс болып, қабірге қойылуы

44,45 Бұл уақыт тал түстің шамасы23:44-45 Түсіндірмедегі «Уақыт белгілеу жүйесін» қараңыз. еді. Сол кезде күннің жарығы сөніп, бүкіл жерді қараңғылық басты, ол үш сағатқа созылды. Киелі үйдегі шымылдық23:44-45 Бұл шымылдықпен киелі үйдегі ең қасиетті орын — Құдайдың жер бетіндегі тұрағы жабылып, адам көзінен тасаланатын. Демек, сол сәтте Құдай Әке әлгі киелі үйден біржола шығып кетті (Мыс 26:33; 40:34-35; Езк 10:18; Евр 10:19-22). ортасынан қақ айырылып, екіге бөлінді.

46 Иса қатты дауыспен айқайлап: «Әке, Сенің қолыңа рухымды тапсырамын!» — деді.23:46 23:34; Жыр 30:6. Мұны айтқаннан кейін жан тәсілім етті.

47 Осы оқиғаларды көріп тұрған жүзбасы: «Бұл шынымен әділ23:47 Яки: кінәратсыз (23:4,14-15,22; Мат 27:24). Адам болған!» — деп, Құдайды дәріптеді. 48 Қызық көруге жиналған бүкіл халық болған жайттарды көрген соң, (опық жеп қайғырып) қолдарымен көкіректерін соққылап23:48 Бұл әдет опық жеудің әрі қайғырудың белгісі болатын (18:13). қалаға қайтты.

49 Исаның барлық таныстары және Ғалилеядан еріп келген әйелдер23:49 8:2-3; Мат 27:55; Мар 15:40-41; Жох 19:25. алысырақ жерден осылардың бәріне қарап тұрды.

50 Жоғарғы кеңестің Жүсіп есімді мүшесі бар еді. Яһудея аймағындағы Ариматея қаласынан шыққан осы ізгі де әділ жан 51 Құдайдың Патшалығының жер бетінде орнауын23:51 2:25,38; 3:6; 4:43; 10:9; 11:2; Елш 1:6. аңсап күтіп жүрген болатын. Жүсіп Жоғарғы кеңестің қарары мен ісіне келіспеген де еді. 52 Осы кісі Пилатқа барып, Исаның мәйітін қабірге қоюға рұқсат сұрап алды. 53 Содан ол денені айқыштан түсіріп алып, бәтес23:53 Яки: асыл кенеп. кебінге орады. Оны жартастан үңгіп жасалған,23:53 Жох 11:38; 19:41; 20:1. әлі ешкім қойылмаған бір қабірге апарып қойды. 54 Бұл жұма күнгі кеш, яғни діни демалыс күнінің басталар кезі, еді.23:54 Немесе: Бұл демалысқа әзірленетін жұма күні, яғни сенбі күнінің таяп қалған кезі, еді. (Сол заманғы әдетке сай жаңа күн кештен басталатын әрі жұрттың демалатын күні сенбі болатын.)

55 Исаға еріп Ғалилеядан келген әйелдер Жүсіпке ілесіп келіп, қабірге де, оның ішіне сүйектің қалай қойылғанына да қарап тұрды. 56 Содан соң әйелдер қалаға қайтып барып, жұпар заттар мен иісмайлар дайындап қойды. Діни демалыс — сенбі күні олар Таурат заңының талабына сай тыныштық сақтап, демалды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também