Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 24

Еммаусқа барар жолдағы ғажайып кездесу

13 Тап сол күні шәкірттердің екеуі Иерусалимнен он бір шақырымдай24:13 Немесе: Иерусалимнен алпыс стадион. («Стадион» 185 метрдей болатын.) қашықтықтағы Еммаус деген ауылға бара жатып, 14 осы оқиғалар туралы әңгімелесті. 15 Олар өзара сөйлесіп, пікір алысып бара жатқанда, Исаның Өзі жақындап келіп, екеуіне қосылды. 16 Бірақ олар Оны тани алмады.24:16 Немесе: Бірақ көздері байланып қалғандай, екеуі Оны тани алмады. (Мәсіх оларға басқа бір кейіпте көрінді: Мар 16:12.)

17 — Сендер не туралы әңгімелесіп (қайғыланып) келе жатырсыңдар? — деп сұрады Ол. Олар тұнжырап тұрып қалды. 18 Клеопа24:18 Клеопа Исаның он екі елшісінің бірі емес, үлкенірек шәкірттер тобының ішіндегі біреуі болатын. Оның әйелі не қызы Исаның айқышына жақын жерде тұрған еді (Жох 19:25). есімді біреуі Оған:

— Иерусалимге келген, бірақ осы күндері онда не болғанынан еш хабары жоқ жалғыз Сіз шығарсыз? — деді. 19 Иса:

— Не болған еді? — деп сұрады. Олар былай жауап берді:

— Назареттік Исамен болған нәрсені айтамыз. Ол Құдай алдында да, бүкіл халық алдында да сөзімен де, ісімен де құдіретті Пайғамбар болды. 20 Алайда біздің басты діни қызметкерлер мен рубасыларымыз Оны өлімге кестіру үшін ұстап беріп, айқышқа шегелетіп өлтіртті. 21 Ал біз, Исраил елін Құтқарушы — Сол деп үміттенген едік. Бұған қоса, барлық осы оқиғалардың болғанына бүгін үшінші күн.

22 Бірақ арамызда жүрген бірнеше әйел бізді қатты таңғалдырды: олар ертемен қабірге барып, 23 Оның мәйітін таппапты! Қайтып келгенде сол әйелдер көздеріне періштелердің көрініп, өздеріне: «Ол тірі!» дегендерін айтып берді.24:23 24:4-9.

24 Содан арамыздағы кейбір ер адамдар қабірге барып, оның әйелдер айтқандай бос екенін көріпті! Алайда олар Исаның Өзін көрген жоқ.24:24 Жох 20:3-9. — 25 Сонда Ол:

— Ей, түйсіксіз, жүрегі шеменденген24:25 21:34. шабандарым-ай! Пайғамбарлардың алдын ала айтқандарының бәріне шын жүректен сенбегенсіңдер! 26 Мәсіх Өзінің салтанатты ұлылығына енуінен бұрын осындай азаптарды көруге тиіс емес пе еді?! — деп, 27 оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді.

28 Олар бара жатқан ауылға жақындағанда, Иса тоқтамай жүре беретін сыңай танытты. 29 Бірақ екі шәкірт:

— Бізбен бірге бола көріңіз! Күн кеш болды, көп ұзамай қараңғы түседі, — деп қадала өтінді. Сонда Ол үйге кіріп, екеуімен бірге қалды.

30 Дастарқан басына бірге жайғасқан соң Иеміз Иса қолына нанды алып, шүкірлік етіп, үзіп берді. 31 Сонда екі шәкірттің көздері ашылып, Оны таныды. Бірақ Ол кенеттен көздеріне көрінбей қалды.

32 Олар біріне-бірі: «Ол жолшыбай бірге келе жатып, бізге Киелі жазбалардың мәнін ашып бергенде, жүректеріміз жалындап кеткен жоқ па еді?» — десті.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também