Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 5

Шәкірттердің керемет көп балық аулауы, Шимон Петірдің Исаның кім екенін түсіне бастауы

1 Бір күні Иса Генесәрет көлінің5:1 Осы көл Ғалилея көлі (яки теңізі) және Тиберия көлі деп те аталатын (4:31-дегі түсініктеме; Мат 4:18; Жох 6:1). жағасында тұрғанда, халық Құдай сөзін тыңдау үшін Оның қасына жиналып, иін тіресіп тұрды. 2 Иса көл жиегінде тұрған екі қайықты көрді. Олардан түскен балықшылар ауларын жуып жатты. 3 Екі қайықтың бірі Шимондікі еді. Иса қайыққа отырып, Шимоннан жағадан арырақ жүзіп барып тұруын сұрады. Осылай Ол қайық үстінен халыққа тәлім берді.

4 Иса сөзін бітіргеннен кейін Шимонға:

— Көлдің терең жеріне жүзіп барып, балыққа ау сал, — деді. 5 Шимон:

— Ұстаз, біз түні бойы еңбектеніп, түк ұстай алған жоқпыз! Бірақ Сіз айтқан соң ауларды тағы да салып көрейін, — деп жауап берді.

6 Ауларын салғанда олар өте көп балық ұстады. Балықтың көптігінен аулары жыртыла бастады. 7 Содан олар екінші қайықтағы жолдастарын қол бұлғап көмекке шақырды. Олар келгеннен кейін бәрі бірігіп екі қайықты да балыққа толтырды. Тіпті қайықтары суға бата бастады! 8 Мұны көрген Шимон Петір Исаның аяғына жығылып:

— Ием, қасымнан кете көріңіз, мен күнәкар адаммын! — деді. 9 Себебі өзі де, қасындағылардың бәрі де осынша көп балық ұстағандарынан үрейлері ұша аңтарылды. 10 Шимонның серіктері — Зебедей ұлдары Жақып пен Жохан да сондай күйде еді. Сонда Иса Шимонға:

— Қорықпа! Сен балық аулағаның сияқты бұдан былай адамдарды жинап әкелетін боласың, — деді.

11 Екі қайықты жағаға шығарғаннан кейін олар бәрін тастап, Исаға шәкірт болып ерді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também