Алапес адамның сауығуы
12 Иса сол маңайдағы қалалардың бірінде болғанда, үсті-басын алапес қаптаған бір адам келе жатты. Ол Исаны көргенде аяғына жығылып:
— Мырза! Егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз,5:12 Немесе: мені тазарта аласыз. (Алапес сияқты аурумен науқастанғандар (4:27) діни тұрғыдан таза емес, арам деп саналатын: Леу 13:2,45-46.) — деп жалбарынды. 13 Иса қолын созып, оның денесіне тигізді де:
— Қалаймын, құлантаза сауығып кет! — деді. Сол сәтте-ақ ауру адам алапесінен арылды.