Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 5

18 Сол кезде бірнеше кісі сал болып ауырған бір адамды төсенішімен көтеріп алып келді. Олар оны Исаның алдына апару үшін үйге кіргізбек болды, 19 бірақ халықтың көптігінен ішке кіруге жол таба алмады. Сондықтан олар үйдің сыртқы сатысымен үстіне шығып, жалпақ төбесінің жұқа қыштарын ашты.5:19 Яки: төбесіндегі черепицаны тесіп ашты (Мар 2:4). Сол жерден ауруды жатқан төсенішімен ортаға, Исаның алдына түсірді.

20 Олардың сенімін көрген Иса сал адамға: «Пендем, сенің күнәларың кешірілді», — деді.

21 Сондағы дін мұғалімдері мен парызшылдар:

— Құдайды қорлайтын Бұл кім Өзі? Күнәларды жалғыз Құдайдан басқа кім кешіре алады? — деп ойланып қалды. 22 Олардың бұл ойларын ұға қойған Иса:

— Іштей неге солай ойлап тұрсыздар? 23 Қайсысын айту оңайырақ: «Сенің күнәларың кешірілді!» деу ме, әлде: «Орныңнан тұрып, жүре бер!» деу ме? 24 Ал көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігімнің бар екендігін5:24 Немесе: Құдай тағайындаған Билеушінің («Адам Ұлының») жер бетінде күнәларды кешіруге билігінің бар екендігін (6:5; 17:24; 22:69; Дан 7:13-14; Түсіндірмедегі «Көктен келген Билеушіні» қараңыз). білулеріңіз үшін,.. — деп, сал адамға қарап: — Саған айтамын: орныңнан тұр да, төсенішіңді жинап алып, үйіңе бар! — деп тапсырды.

25 Ауру адам олардың көзінше дереу тұрды да, жатқан төсенішін жинап алып, Құдайды мадақтап үйіне кетті!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também