Басқаларды айыптауға асықпау қажет
37 Басқаларға үкім айтпаңдар, сонда сендерге де үкім шығарылмайды.6:37 Яки: үкім айтпаңдар, әйтпесе Құдай сендерге үкім шығарады (6:41-42; 18:11,14; Мат 18:32-34). Айыптамаңдар, әйтпесе өздерің де айыпталасыңдар. Кешіріңдер, сонда сендер де кешірілесіңдер.6:37 11:4; Мат 6:14-15; 7:1-2.
38 Беріңдер, сонда сендерге де беріледі: шайқап, нығыздап толтырып, тасып-төгілген мөлшерде салып беріледі. Сендер өзгелерге қолданған өлшем өздерің үшін де қолданылмақ.6:38 Яки: Қандай өлшемді қолдансаңдар, Құдай сендерге де сонымен өлшеп (жарылқауын не жазасын) береді (Мат 7:2).