Ағаш жемісімен, адам ісімен танылар
43 Жаман жеміс беретін жақсы ағаш жоқ, жақсы жеміс беретін жаман ағаш та жоқ. 44 Әр ағаш өзінің жемісімен танылар: «Шомырттан өрік, жабайы бұтадан жүзім жинамас».6:44 Немесе: Шомырттан інжір жинамас, тікенді бұтадан жүзім де алмас (Мат 7:15-18; Жақ 3:11-12).45 Ізгі адам жан дүниесіндегі игілікті қазынадан игілік алып шығады, ал зұлым адам арам жан дүниесінен арамдық алып шығады. Жан дүниең6:45 Немесе: Жүрегің (Нқл 4:23; Мат 7:17-18; 12:34-35; Мар 7:20-23; Жақ 3:11-12). неге толса, ауызың соны айтар.