Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 7

Римдік жүзбасының зор сенімі

1 Иса Өзін тыңдап тұрған халыққа барлық сөзін айтып бітіргеннен кейін Қапарнаум қаласына кірді. 2 Сол кезде бір римдік жүзбасының ерекше бағалайтын қызметшісі ауырып, хал үстінде жатқан еді. 3 Жүзбасы Иса туралы хабар алған болатын. Сол себепті ол Исаға яһудилердің бірнеше ақсақалдарын7:3 Яки: (мәжілісхана) басшыларын не рубасыларын. жіберіп, Одан қызметшісін сауықтырып құтқаруын сұрады. 4 Олар Исаның қасына келгенде жалына өтініп: «Жүзбасы — Сіздің жәрдем беруіңізге лайықты кісі. 5 Ол халқымызды жақсы көреді, өзі бізге тіпті мәжілісхана салып берді», — деді.

6 Иса ақсақалдармен бірге жүрді. Ол сол үйге жақындап қалғанда, шетелдік жүзбасы Исаға достарын жіберіп, мынаны айтқызды:

— Келіп әуре болмай-ақ қойыңыз, Мырза, мен Сіздің шаңырағымның астына келуіңізге лайық емеспін.7:6 Осылай бұл жүзбасы өзінің шетелдік әрі күнәкар екендігін ашық мойындады. Алайда Құдай әрбір ұлттың адамдарына рақым көрсетуге дайын (Елш 10:1-6,34-36; Еф 2:11-19).7 Сондықтан да өзімнің Сізге келуімді жөн көрмедім. Тек бір сөз айтсаңыз болды, қызметшім сауығып кетеді.7:7 5:13; Заң 32:39; Жыр 106:19-20.8 Мұны білемін, себебі мен де біреудің қол астындамын, өзіме бағынышты жасақшыларым да бар. Біреуіне: «Бар!» десем, барады, басқасына: «Кел!» десем, келеді, қызметшіме: «Мынаны істе!» дегенімде, ол соны орындайды.

9 Мұны естіген Иса қайран қалып, соңынан еріп келе жатқан халыққа бұрылып: «Сендерге шын айтамын: Маған осындай сенім артқан кісі Исраил халқынан ешқашан кездескен емес!» — деді.

10 Жіберілгендер жүзбасының үйіне қайтып келгенде, ауру қызметшісінің сауығып кеткенін көрді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também