Исаның елшілеріне тапсырма беруі
1 Бірде Иса он екі елшісін қасына шақырып алып, оларға барлық жындарды қуып шығарып, ауруларды сауықтыру құдіреті мен билігін тапсырды. 2 Оларды Құдайдың Патшалығын уағыздап, науқастарды сауықтыруға да жіберді. 3 Сонда Иса елшілеріне мына тапсырманы берді: «Жолға артық еш нәрсе алмаңдар: таяқ, жолдорба, нан, ақша, артық киімдерің болмасын. 4 Қай үйге түссеңдер, сонда қонып, сол үйден жолға шығыңдар.9:4 Осылай елшілер Құдайға кәміл сенуді үйренуге тиіс еді. Олар үй-үйді аралап, қонақтап жүрмей, өздерін алдымен шақырған отбасыларының қонақжайлылығына риза болсын (12:22-23; 20:46-47).5 Егер бір жерде сендерді қабылдамаса, сол қаладан шығып кетіп бара жатқанда аяқтарыңдағы шаң-тозаңды қағып тастаңдар.9:5 Бұл салт енді осы жердің тұрғындарымен рухани қатынасым болмайды, әрі Құдайдың жазасын тартатындарына өздері кінәлі болады дегенді білдіретін (10:10-12,16; Елш 13:50-51). Бұл оларға ескерту болсын».
6 Елшілер жолға шығып, ауыл-ауылды аралады. Әр жерде Ізгі хабарды жариялап, ауру-сырқауларды сауықтырды.