Мәсіх Исаның бес мыңнан астам адамды тамақтандыруы
10 Исаның жіберген елшілері қайтып келіп, жасаған істері туралы Оған түгелдей баяндады. Иса оларды ертіп алып, Бетсайда деген қаланың маңындағы оңаша бір жерге жөнелді. 11 Ал халық мұны біліп алып, Оның соңынан ілесті. Иса оларды жылы қабылдап, Құдайдың Патшалығы туралы уағыз айтты және айығуға мұқтаждарды ауруларынан сауықтырды.
12 Күн кеш бола бастағанда он екі елшісі Исаның қасына келіп:
— Халықты таратып жіберіңіз. Олар жақын маңдағы ауылдар мен елді мекендерге барып, жатар орын мен жейтін тамақ тапсын. Мұнда құлазыған даладамыз ғой! — деген ұсыныс жасады. 13 Бірақ Иса:
— Оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттері:
— Бізде бес күлше нан мен екі кепкен балықтан9:13 Сол елдің жұрты тұздалып кептірілген балықты нанға қосып жейтін (11:11). өзге ештеңе жоқ. Әлде мына адамдардың бәріне тамақ сатып алуға барайық па? — деп сұрады. 14 Себебі сол жерде бес мыңдай ер адам болатын.9:14 Бұған қоса әйелдер мен балалар да болды (Мат 14:21). Ал Иса шәкірттеріне:
— Оларды шамамен елу-елуден топқа бөліп, жайғастырып отырғыза беріңдер! — деп тапсырды. 15 Шәкірттері бәрін солай етіп отырғызды. 16 Иса бес күлше нан мен екі кепкен балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті.9:16 Яғни көктегі Әкесіне ризашылық білдіріп тамаққа бата берді (Мат 14:19; 26:26). Оларды халыққа тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді. 17 Барлығы да жеп тойды. Соңында олар нан мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда, он екі себет9:17 Яки: он екі кәрзеңке. толды.