Мәсіхтің өз Патшалығының нұрлы салтанатымен үш елшісіне көрінуі
27 «Сендерге шын айтамын: осында тұрған кейбіреулерің Құдайдың Патшалығын өз көздеріңмен көрмей, өлмейсіңдер», — деді Иса.
28 Бұл сөздерді айтқаннан шамамен сегіз күн өткеннен кейін Иса Петір, Жохан және Жақыпты ертіп алып, сиынып мінажат ету үшін бір таудың басына шықты. 29 Иса сиынып тұрғанда, Оның бет-әлпеті өзгеріске түсіп, киімдері аппақ болып найзағайдың отындай жалтырап тұрды.9:29 2:9; Мыс 19:16; 40:35; Аян 1:13-16.30 Кенеттен екі адам пайда болып, Исамен сөйлесті. Бұлар (ежелде өмір сүрген) Мұса пайғамбар мен Ілияс пайғамбар еді. 31 Салтанатты ұлылықпен көрінген екеуі Исаның Иерусалим қаласында (Құдайдың еркін орындап) бұ дүниеден өтуге тиісті екендігі туралы айтты.9:31 9:22; 24:26-27,44-47,51.