Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 9

Мәсіхтің жолымен жүруге белді бекем буу

57 Иса шәкірттерін ертіп жолда кетіп бара жатқанда, бір кісі Оған:

— Мырза, қайда барсаңыз да, мен Сізге еремін, — деді. 58 Иса оған:

— Түлкінің іні бар, құстың ұясы бар, ал көктен келген Билеушінің бас тірейтін тұрағы да жоқ,9:58 Мар 1:45. — деп жауап берді.

59 Басқа біреуге Иса:

— Маған шәкірт болып ер, — деді. Ол:

— Мырза, алдымен үйге барып, әкем қайтыс болғанша қасында болып, сүйегін жерлеп келейін. Рұқсат етіңізші, — деп сұрады. 60 Иса оған:

— Өлгендерін жерлеуді (рухани) өлілерге қалдыр!9:60 Яки: Сондай жұмыстармен айналысуды Құдайдың рухани өмірі (яғни Онымен шынайы қатынасы) жоқ адамдарға қалдыр! (Мәсіхтің шәкірттері халыққа шынайы өмір туралы Ізгі хабарды уағыздауға тиісті еді: 6:20-21; Жох 3:16,36; Қор1 7:29-35.) Ал сен ел аралап, Құдайдың Патшалығы туралы Ізгі хабарды жарияла! — деп тапсырды.

61 Тағы басқа біреу Исаға:

— Мырза, мен Сізге еремін. Бірақ алдымен қайтып барып, үй ішіммен қоштасып келуге рұқсат етіңізші, — деді. 62 Иса оған:

— Артына қарай берген соқашыдай жалтақ адам9:62 Немесе: Қолына соқа алып, артына (жалтақтап) қарай берген адам (Флп 3:13). Құдайдың Патшалығы үшін тиімсіз, — деп жауап берді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também