61 Тағы басқа біреу Исаға:
— Мырза, мен Сізге еремін. Бірақ алдымен қайтып барып, үй ішіммен қоштасып келуге рұқсат етіңізші, — деді. 62 Иса оған:
— Артына қарай берген соқашыдай жалтақ адам9:62 Немесе: Қолына соқа алып, артына (жалтақтап) қарай берген адам (Флп 3:13). Құдайдың Патшалығы үшін тиімсіз, — деп жауап берді.