Елуінші күн (Жеті апта) мейрамы
15 — Сендер егіннің бірінші бауын әрі-бері тербеп ұсынған Құтқарылу мейрамынан бастап23:15 23:10-11; Мыс 34:22; Заң 16:9-10. жеті апта мен бір күнді (яғни елу күнді) санап шығыңдар.
22 Егістік жеріңнің өнімін жинаған кезде оның шет жағын ормай қалдыра сал, әрі жерге түскен масақтарды қайтып келіп жинамай-ақ қой. Оларды жарлылар мен жат жұрттықтарға қалдыр. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін.23:22 19:9-10.