23 Сол кезде мәжілісханада жын1:23 Яки: (әзәзіл шайтанға бағынышты) арам рух, пері (5:2; 7:25; 9:25; Мат 12:43-45). соққан бір кісі де болды. Ол қатты дауыстап:
24 — Назареттік Иса, бізде нең бар? Бізді құртуға келдің ғой! Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің!1:24 Яки: Сен Құдайға бағышталғансың (Түсіндірмедегі «Киеліні» қараңыз). — деп айқайлады. 25 Бірақ Иса жынға:
— Үніңді өшір, шық одан! — деп қатаң бұйырды. 26 Сонда жын сол адамды қалшылдатып, қатты дауыспен айқай салып, денесінен шығып кетті.