Жақия пайғамбардың Мәсіх Исаның келуін жариялауы
1 Мұнда Иса Мәсіх1:1 Иса: осы есім Ешуа яки Иесус деп те дыбысталатын. Оның мағынасы: Жаратқан Ие — Құтқарушы. Мәсіх: (Құдай уәде еткен) Құтқарушы Патша (1:34; Жох 20:31; Түсіндірмені де қараңыз). — Құдайдың рухани Ұлы1:1 Құдайдың (рухани) Ұлы деген атақ табиғи туудан пайда болған тәндік туыстықты білдірмейді. Қайта, ол Мәсіх пен Құдай арасындағы ерекше рухани байланысты бейнелейді (Пат2 7:14; Жыр 2:7; Иш 7:14; 9:6-7; Лұқ 1:30-35; 2:9-11; Жох 1:3,14; Қол 1:15-16; Түсіндірмедегі «Құдай Сөзін» және «Құдайдың рухани Ұлын» да қараңыз). туралы Ізгі хабардың бастамасы жайында баяндама берілген.
2 Бұл жөнінде пайғамбарлардың жазбаларында Құдайдың мына тәрізді сөздері алдын ала жазылған: Біліп ал, Мен хабаршымды алдыңнан жіберемін, ол жүретін жолыңды дайындап қояды.1:2 Мал 3:1.3 Жар салған дауыс шығады айдалада: Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар! Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!1:3 Иш 40:3.
4 Осы сөздерге сай, Жақия пайғамбар (Иордан алқабындағы) иен далада пайда болып,1:4 Лұқ 1:80; 3:2-3. кездестірген адамдарына былай деп уағыз айтты: «Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Соның белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен1:4 Яки: арнайы тазару рәсімінен (16:16; Түсіндірмені де қараңыз). өтіңдер! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді». 5 Содан бүкіл Яһудея аймағы мен Иерусалим қаласынан адамдар Жақияға ағылып келіп жатты. Олар күнәларын мойындаған соң, Жақия оларды Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді.1:5 Леу 26:40-42; Жыр 31:5; 50:9; Нқл 28:13.
6 Жақия түйе жүнінен шапан киіп, қайыс белбеумен белін буып жүретін, әрі шегірткелерді және жабайы араның балын жеп тамақтанатын.1:6 Өмір сүру қалпы Ілияс пайғамбардікіне ұқсағандықтан, бірсыпыра яһудилер Жақияны Ілияс секілді пайғамбар деп түсінді (6:15; 9:11-13; Пат4 1:8; 2:13; Мал 4:5; Зәк 13:4).
7 Жақия былай деп те уағыз айтты: «Менен құдіретті Біреу менен кейін келе жатыр! Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын.1:7 Немесе: Оған иіліп аяқкиімінің бауын шешуге де тұрмаймын.8 Мен сендерді суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіздім, ал Ол сендерді Құдайдың Киелі Рухына1:8 Яки: Киелі Рухқа (Елш 1:5,8; 2:2-4). шомылдырады».
Құдайдың Мәсіх Исаға ризалығын білдіруі әрі Исаның сынақтан өтуі
9 Сол күндері Ғалилея аймағындағы Назарет қаласынан1:9 Мат 2:23. Иса осы жерге келді. Жақия Оны Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді. 10 Иса судан шыққан бойда көктің ашылып, Киелі Рухтың көгершін сияқты Өзінің үстіне қонғанын көрді.1:10 Немесе: шыққан бойда (Жақия) көктің ашылып, Киелі Рухтың көгершін сияқты Оның үстіне қонғанын көрді. (Бұл жерде көгершін Құдайдың Киелі Рухының адалдығы мен пәктігін бейнелейді: 10:16; Лұқ 4:18; Жох 1:32-34.)11 Көктен: «Сен Менің сүйікті рухани Ұлымсың,1:11 Яки: сүйікті Ұлымсың (1:1). Саған толықтай ризамын!» — деген дауыс шықты.
12 Мұнан кейін көп ұзамай Киелі Рух Исаны айдалаға баруға мәжбүрледі. 13 Жабайы аңдар мекендейтін сол жерде Иса қырық күн болып, әзәзіл шайтан Оны сынақтан өткізді. Содан кейін періштелер Исаға қызмет көрсетті.1:13 Мат 4:1-11.
Мәсіх Исаның қызметіне кірісіп, алғашқы шәкірттерін таңдап алуы
14 Жақия пайғамбар тұтқындалғаннан1:14 Мат 4:12; Лұқ 3:20. кейін, Иса Ғалилея аймағына барды. Сонда Ол Құдайдың Ізгі хабарын1:14 Немесе: Құдайдың жер бетіне жүргізетін ізгілікті билігі туралы Ізгі хабарды. жариялап былай деді: 15 «Енді уақыт жетіп, Құдайдың Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!1:15 (1:14; Мат 6:9-10) Яки: Құдайдың Патшалығы таяп келді! Теріс жолдан қайтып, Құдайдың жолына түсіп, Ізгі хабарға сеніңдер!»
16 Бірде Иса Ғалилея көлінің жағасымен келе жатып, Шимонды1:16 Яғни Шимон Петірді (3:16). және оның інісі Әндірді көрді. Балық аулап күнелтіп жүрген олар көлге ау салып жатты. 17 Иса оларға тіл қатып: «Соңымнан еріңдер! Мен сендерді балық аулағандарың сияқты, бұдан былай адамдарды жинап әкелетін етемін»,1:17 Немесе: адамдарды Құдайдың ізгі жолына түсірушілер етемін (3:14; 6:7-13; Лұқ 10:1-9,16). — деді. 18 Екеуі дереу ауларын тастап, Исаға шәкірт болып ерді.
19 Иса тағы біразырақ жүргеннен кейін, Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жоханды көрді. Екеуі қайықта ауларын жамап отыр екен. 20 Иса оларды да бірден Өзіне шақырды. Екеуі әкелері Зебедейді жұмысшыларымен бірге қайықта қалдырып, Исаға шәкірт болып ерді.
Мәсіх Исаның уағыз айтып, құдіретін көрсете бастауы
21 Иса шәкірттерімен бірге Қапарнаум1:21 Ғалилея көлінің жағасындағы үлкен қала (9:33; Лұқ 4:31; 10:15; Жох 4:46). қаласына барды. Келесі демалыс күні Иса мәжілісханаға1:21 Исраил халқының демалып, Жаратқан Иеге сиынуға жиналатын күні сенбі болатын. Мәжілісхана: жиналыс үйі (Түсіндірмені қараңыз). барып, жұртқа тәлім бере бастады. 22 Олар Оның тәліміне таңданып, қатты қайран қалды. Себебі Иса оларға дін мұғалімдері1:22 Түсіндірмені қараңыз. сияқты емес, Құдайдан келген ерекше билікпен1:22 Яки: өкілеттік (Исаның Киелі жазбаларды түсіндіруге өзіндік еркі мен түсінігі бар еді: Лұқ 2:46-47; 4:32). тағылым берді.1:22 Билік: Лұқ 4:32.
23 Сол кезде мәжілісханада жын1:23 Яки: (әзәзіл шайтанға бағынышты) арам рух, пері (5:2; 7:25; 9:25; Мат 12:43-45). соққан бір кісі де болды. Ол қатты дауыстап:
24 — Назареттік Иса, бізде нең бар? Бізді құртуға келдің ғой! Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің!1:24 Яки: Сен Құдайға бағышталғансың (Түсіндірмедегі «Киеліні» қараңыз). — деп айқайлады. 25 Бірақ Иса жынға:
— Үніңді өшір, шық одан! — деп қатаң бұйырды. 26 Сонда жын сол адамды қалшылдатып, қатты дауыспен айқай салып, денесінен шығып кетті. 27 Барлық жұрт үрейлері ұшып: «Бұл немене? Не қылған жаңа ілім? Ол тіпті жындарға билікпен бұйрық беріп, олар Оған бағынады ғой!» — деп өзара сұрасып, таңғалысты. 28 Тез арада Иса туралы хабар сол төңіректегі Ғалилея аймағының барлық жеріне жайылды.
29 Көп ұзамай Иса мәжілісханадан шығып, Жақып, Жоханмен бірге Шимон мен Әндірдің1:29 1:16,19. үйіне барды. 30 Шимонның қайын енесі безгекпен ауырып,1:30 Яки: Шимон Петірдің қайын енесінің қызуы көтеріліп. (Көл жағасындағы батпақты жерлерде безгек ауруы кең жайылған еді.) төсек тартып жатыр екен. Үйдегілер бірден бұл туралы Исаға айтып берді. 31 Иса әйелдің қасына барып, оны қолынан ұстап орнынан тұрғызды. Сол сәтте-ақ қызуы басылып сауығып кетті!1:31 5:41-42; Жох 4:52. Әйел оларды күтіп қызмет ете бастады.
32 Күн батып, кеш түсе жұрт науқастар мен жын соққандардың барлығын Исаға алып келді. 33 Күллі қала халқы сыртта, есік алдына жиналды. 34 Иса алуан түрлі аурулармен азап шеккен талай науқастарды сауықтырып, көптеген жындарды қуып шығарды. Өзінің Мәсіх1:34 Құдай пайғамбарлары арқылы уәде еткен Құтқарушы Патша (1:1; 3:11-12; Лұқ 4:41). екенін жындар білгендіктен, Иса оларды сөйлетпей тастады.1:34 1:23-25; 3:1-12.
35 Ертеңіне таң атпай тұрып, үйден шыққан Иса оңаша бір жерге барып, мінажат етті.1:35 Яки: барып, көктегі Әкесіне сиынды (1:1,11).36 Шимон мен қасындағылар Исаны іздеп шықты. 37 Оны тапқаннан кейін Оған:
— Елдің бәрі Сізді іздеп жүр, — деді. 38 Ал Иса оларға:
— Жақын маңайдағы ауылдар мен қалаларға барайық! Сол жерлерде де Ізгі хабарды уағыздамақпын. Себебі Мен сол үшін осы дүниеге келдім, — деп жауап берді. 39 Бұдан кейін Иса бүкіл Ғалилея аймағын аралап жүріп, мәжілісханаларында1:39 1:21. уағыз айтты, әрі адамдардың бойындағы жындарды қуып шығарды.
40 Бірде алапеспен ауырған1:40 Алапес секілді тері ауруларымен науқастанғандар таза емес (арам) деп есептеліп, адамдардың арасынан аластатылатын (Леу 13). бір кісі Исаның қасына келді. Сол адам тізе бүгіп тағзым етіп Исадан:
— Егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп өтінді. 41 Оған жаны ашыған Иса қолын созып, денесіне тигізді де:
— Қалаймын, құлантаза сауығып кет! — деді.
42 Сол сәтте-ақ ауру адам алапесінен арылып, тазарды!
43 Көп ұзамай Иса оны жолға шығарып, оған былай деп қатаң тапсырды: 44 «Байқа, бұл туралы ешкімге де тіс жарушы болма! Бірақ діни қызметкерге барып, қарал. Содан кейін Мұса пайғамбар бұйырған тазару рәсіміне арналған құрбандықты ұсын.1:44 Леу 14:2-32. Бұл жұртқа сенің сауыққаныңның дәлелі болады».
45 Алайда әлгі адам сол жерден шығысымен-ақ болған оқиға туралы бүкпесіз айтып, хабарды тарата бастады. Сондықтан Иса бұдан кейін қалаларға ашық түрде кіре алмай, қала сыртындағы елсіз далада тұратын болды. Ал халық Оның қасына әр жақтан ағылып келіп жатты.