Құдайдың Мәсіх Исаға ризалығын білдіруі әрі Исаның сынақтан өтуі
9 Сол күндері Ғалилея аймағындағы Назарет қаласынан1:9 Мат 2:23. Иса осы жерге келді. Жақия Оны Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді. 10 Иса судан шыққан бойда көктің ашылып, Киелі Рухтың көгершін сияқты Өзінің үстіне қонғанын көрді.1:10 Немесе: шыққан бойда (Жақия) көктің ашылып, Киелі Рухтың көгершін сияқты Оның үстіне қонғанын көрді. (Бұл жерде көгершін Құдайдың Киелі Рухының адалдығы мен пәктігін бейнелейді: 10:16; Лұқ 4:18; Жох 1:32-34.)