35 Сол кезде Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жохан Исаның қасына келіп:
— Ұстаз, Сізден бір өтінішіміз бар, соны орындасаңыз екен, — деді. Иса:
36 — Өздеріңе не істегенімді қалайсыңдар? — деп сұрады. Олар:
37 — Сіз бұдан кейін салтанатты ұлылығыңызға ие болған кезде бірімізге оң, екіншімізге сол жағыңызға отыруды бұйырсаңыз екен, — деген тілек білдірді.