Pular para o conteúdo
Publicidade

Марқа 10

Зағип Бартімейдің көзі ашылып, Исаға еруі

46 Иса шәкірттерімен жол жүріп10:46 10:32,41-42; Мат 20:29; Лұқ 18:35; сондағы түсініктемені де қараңыз. Иерихон қаласына жетті. Олар халықтың үлкен тобымен бірге қаладан шығып бара жатқанда, жол жиегінде бір соқыр адам қайыр сұрап отырған еді. Оның есімі Тімей ұлы Бартімей болатын. 47 Бартімей өтіп бара жатқан Адамның назареттік Иса екенін естіп: «Дәуіттің Ұрпағы10:47 10:52-дегі түсініктемені қараңыз. Иса, маған рақым ете көріңіз!» — деп айқайлай бастады. 48 Көпшілігі оған ұрсып, үндемеуді бұйырды; бірақ ол одан бетер айқайлап: «Дәуіттің Ұрпағы, маған рақым ете көріңіз!» — деп жалбарынды. 49 Иса тоқтай қалып: «Шақырыңдар оны!» — деп бұйырды. Олар соқыр адамға: «Көтер еңсеңді, түрегел! Ол сені шақырып жатыр», — деді. 50 Бартімей жамылғысын шеше ұшып тұрып, Исаға жетіп келді. 51 Иса:

— Өзіңе не істегенімді қалайсың? — деп сұрады. Зағип:

— Ұстаз, көзімді көретін етсеңіз екен! — деп өтінді. 52 Иса оған:

— Жүре бер, сен сенімің арқылы құтқарылдың,10:52 Немесе: Сені сенімің құтқарды. (Бартімей Исаны ежелгі Дәуіт патшаның Ұрпағы деп атағанда Оның Құдай жіберген Мәсіх (Патша әрі Құтқарушы) екендігіне сенетінін білдірген еді: Еф 2:8; Мат 9:22.) — деді. Сол сәтте-ақ оның көзі ашылып, көретін болды! Содан Бартімей Исаға еріп жолға шықты.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também