Pular para o conteúdo
Publicidade

Марқа 14

Исаның құрбан болуы — Жаңа Келісімнің негізі

22 Олар тамақ ішіп отырғанда, Иса қолына нан алып, шүкірлік етіп бата берді. Нанды үзіп, шәкірттеріне беріп жатып:

— Алып жеңдер, бұл — Менің денем,14:22 Яки: бұл Менің денемді бейнелейді. (Нанның үзіліп, үлестірілгеніндей, Иса Мәсіх біраздан кейін құрбан болды. Сөйтіп Ол адамдардың Құдаймен қатынасқа кірулеріне жол ашты: 10:45; Мат 26:26; Иш 53:10-12; Евр 9:28; 10:19-22.) — деді. 23 Иса тостағанды да алып, шүкірлік етіп, оларға берді. Одан бәрі де ішті. 24 Иса оларға:

— Бұл — көптеген адамдар үшін төгіліп, (Жаңа) Келісімді бекітетін Менің қаным.14:24 Яки: адамдар үшін төгіліп, Құдаймен Жаңа Келісімді бекітетін қанымды бейнелейді (Түсіндірмедегі «Келісімді» қараңыз).

25 Сендерге шын айтамын: Мен Құдайдың Патшалығы орнаған кезде14:25 Яғни Құдайдың игілікті билігі толықтай орнаған дәуірде (1:15; Мат 25:34; Аян 19:6). жүзім шырынынан жаңа түрде ішетін боламын. Сол күнге дейін одан енді қайтып татпаймын, — деді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também