6 Бірақ Иса оларға қарсы шығып былай деді:
— Бұл әйелге тимеңдер! Оны неге мазалайсыңдар? Ол Маған ерекше жақсылық жасады. 7 Мүсәпірлер әрдайым қастарыңда ғой, оларға қалаған кезде қайырым көрсете аласыңдар. Ал Мен ұдайы қастарыңда бола бермеймін. 8 Бұл әйел қолынан келгенін істеп, Менің денеме қабірге қоярдағы май жағу салтын алдын ала орындады. 9 Сендерге шын айтамын: осы Ізгі хабар қай жерде болмасын бүкіл дүние жүзінде уағыздалғанда,14:9 1:1,4; 16:15,20; Мат 26:13. осы әйелді де еске алып, істегенін айтатын болады.