1 Иса тағы бір сенбі күні мәжілісханаға3:1 1:21. барғанда, сол жерде қолы семіп қалған3:1 Яки: қолы жансызданып қалған. бір адам да болды. 2 Діншілдер Исаны айыптайтын сылтау іздеп, Ол әлгі кісіні демалыс күні болса да сауықтырар ма екен деп аңдыды. 3 Ал Иса қолы семген адамды: «Ортаға шықшы», — деп шақырды. 4 Сол діншілдерге Ол: «Демалыс күні қайсысын істеуге болады: жақсылықты ма әлде жамандықты ма; құтқаруды ма әлде құртуды ма?» — деген сұрақ қойды. Бірақ олар үндемеді. 5 Сонда Иса айналасындағыларға ашулана қарап, жүректерінің қасарысқандығына қайғырды.3:5 Мат 13:14-15; Лұқ 19:41-42. Әлгі кісіге: «Қолыңды созшы!» — деді. Сол адам семіп қалған қолын созғанда, ол бұрынғы сап-сау қалпына келді.
Publicidade