Pular para o conteúdo
Publicidade

Марқа 3

22 Иерусалимнен келген кейбір дін мұғалімдері де Исаға:

— Оның бойында жындардың әміршісі белзебүл3:22 Яғни әзәзіл шайтан. (Парызшылдардың осы аса зұлым жаласы Құдайдың Киелі Рухын қорлаумен тең еді: 3:29; Мат 12:24,28,32). бар! Жындарды соның күшімен қуып шығарады, — деп жала жапты. 23 Ал Иса сол дін мұғалімдерін қасына шақырып алып, оларға астарлап былай деді:

— Шайтан шайтанды қалайша қуып шығара алады? 24 Егер бір патшалық жікке бөлініп, өзара соғысып жатса, ол берік тұра алмай, жойылып кетеді. 25 Өзара ұрысып-керісіп жатқан әр үйдің шаңырағы ортасына түсіп күйрейді. 26 Сол сияқты, егер шайтан өзіне қарсы көтеріліп, соғысса, оның да берік тұра алмай, жойылатын кезінің келгені.

27 Қайта, ешкім күштінің үйіне кіріп, алдымен соның өзін байлап тастамай, дүние-мүлкін тонай алмайды. Тек күштіні жеңіп, байлап-матап тастағаннан кейін ғана оның үйін тонай алады.3:27 Иса шайтанды жеңіп шыққандықтан, оның құрсауындағы адамдарды азат ете алды (Мат 12:29; Лұқ 4:18-19; Жох 12:31).

28 Сендерге маңызды шындықты айтайын: адам баласының жасаған барлық күнәлары мен Құдайды қорлауларының қайсысына да кешірім беруге болады. 29 Бірақ Құдайдың Киелі Рухын қорлайтынға ешқашан кешірім болмайды, сол күнәсі оның мойнында мәңгі қалады.3:29 Адам Киелі Рухтың әсеріне қарсы тұрып, Оның ізгілікті істерін шайтаннан деп жамандауын қоймаса, жүрегі қасарысады. Содан оның кейін өкініп, Құдайдың кешірімін қабылдай алмауы да мүмкін (Мат 12:31-32; Жох 15:22-25; 16:8-10; Евр 6:4-9).30 Иса мұны әлгілердің «Оның бойында жын бар» дегендері үшін айтты.3:30 3:22.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também