Мәсіхтің рухани отбасы
31 Исаның шешесі мен туған бауырлары келіп,3:31 3:21. сыртта тұрып, Оған кісі жіберіп шақыртты. 32 Сол кезде Исаны айналдыра көп халық отырған еді. Біреу Оған:
— Сыртта шешеңіз, бауырларыңыз және қарындастарыңыз келіп, Сізді шақырып тұр, — деді. 33 Алайда Иса:
— Менің шешем мен бауырларымның кім екенін айтайын ба? — деп, 34 айналасында отырғандарға қарап тұрып:
— Міне, Менің «шешем» мен «бауырларым»! 35 Себебі Құдайдың еркін орындайтындар Маған бауыр, қарындас, шеше іспетті жақын!3:35 Яғни Менің рухани отбасым (Мат 12:49; Жох 1:12; Евр 2:11-12; Рим 8:29). — деп жауап берді.