21 Ақырында Иродияға зұлым ниетін жүзеге асырудың орайы түскен еді: Ирод өзінің туған күнінде уәзірлері, мыңбасылары және Ғалилеяның өзге көрнекті адамдарына арнап той жасады. 22 Иродияның қызы6:22 Иродияның бұрынғы некесінен (6:17) туған қызы. тойға келіп, бәрінің алдында би билеп, патшаға және оның қонақтарына қатты ұнап қалды.
Сондықтан патша бойжеткенге: «Менен қалағаныңды сұра, беремін», — деп уәде етті.