Pular para o conteúdo
Publicidade

Марқа 6

22 Иродияның қызы6:22 Иродияның бұрынғы некесінен (6:17) туған қызы. тойға келіп, бәрінің алдында би билеп, патшаға және оның қонақтарына қатты ұнап қалды.

Сондықтан патша бойжеткенге: «Менен қалағаныңды сұра, беремін», — деп уәде етті. 23 Бұған қосымша: «Не қаласаң да сұрашы, тіпті патшалығымның жартысына дейін беремін!» — деп ант та берді. 24 Қыз шығып, шешесіне:

— Не сұрасам екен? — деді. Шешесі:

— Шомылдыру рәсімін жасаған Жақияның басын сұра! — деп жауап берді.

25 Қыз дереу патшаға жүгіріп барып, одан: «Шомылдыру рәсімін жасаған Жақияның басын дәл қазір табаққа салып, тарту етуіңізді қалаймын», — деп өтінді.

26 Патша еңсесі түсіп қатты қапаланды. Алайда бірге отырған қонақтарының алдында ант бергендіктен, қыздың өтінішін аяқсыз қалдырғысы келмеді. 27 Дереу бір жасақшысын жіберіп: «Жақияның басын алып кел!» — деп бұйырды. 28 Ол түрмеге барып, Жақияның басын шауып, табаққа салып, қызға әкелді. Қыз оны шешесіне апарып берді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também