Pular para o conteúdo
Publicidade

Марқа 6

Мәсіх Исаның бес мыңнан астам адамды тамақтандыруы

30 Исаның жіберген елшілері қайта оралып, Оның қасына жиналған соң, өздерінің жасаған істері мен берген тәлімдері туралы түгелдей баяндап берді.6:30 6:7,12-13.31 Бұдан кейін Иса: «Тек өздерің ғана Маған еріп оңаша бір жерге барып, біраз тынығып демалыңдар!» — деді. Себебі келіп-кетіп жатқан жұрт көп болғандықтан, олардың тамақтануға да мұршалары болмады.6:31 3:20.32 Сонымен Иса мен шәкірттері жалғыз өздері ғана қайықпен оңаша бір жерге жөнелді.

33 Ал олардың кетіп бара жатқандарын жұрт байқап қалды. Көпшілігі оларды танып, бүкіл қалалардан шығып, жаяу жүгіріп, баратын жерлеріне олардан бұрын жетті. 34 Иса қайықтан түскенде, қарақұрым халықты көріп, оларға жаны ашыды. Себебі адамдар бағушысы жоқ қойлар сияқты бейшара еді.6:34 Мат 9:36; 14:14. Сондықтан Иса жиналғандарға көп тәлім берді.

35 Біршама уақыт өткеннен кейін шәкірттері Исаның қасына келіп:

— Бұл — құлазыған дала, ал кеш түсіп барады. 36 Адамдарды таратып жіберіңіз. Олар жақын маңдағы ауылдар мен елді мекендерге барып, тамақ сатып алсын,6:36 Немесе: барып, нан сатып алсын, жейтін ештеңелері жоқ қой. — деген ұсыныс жасады. 37 Бірақ Иса:

— Оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттері:

— Онда біз барып, екі жүз күндік жалақыға6:37 Немесе: екі жүз динарға. (Динар яки Денарион: жай жұмыскердің бір күндік жалақысы болған күміс теңге: Мат 20:2.) нан сатып алып, бұларды тамақтандырайық па? — деп сұрады. 38 Ал Иса оларға:

— Қанша нандарың бар? Барып, қарап келіңдер! — деп тапсырды. Біліп келген олар:

— Бес күлше нан мен екі кепкен балық6:38 Сол жақтың жұрты тұздалып кептірілген балықты нанға қосып жейтін (8:7; Мат 7:10; 14:17). бар екен, — деді. 39 Сонда Иса шәкірттеріне адамдарды топ-топқа бөліп, көгалдың үстіне жайғастыруды тапсырды. 40 Сонымен жұрт жүзден, елуден топтасып жайғасты. 41 Иса бес күлше мен екі кепкен балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті.6:41 Мат 14:19; 26:26. Нанды халыққа тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, екі балықты да бәріне бөліп, үлестірді. 42 Барлығы да жеп тойды.

43 Соңында олар нан үзімдері мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда он екі себет6:43 Яки: тоқыма қорап, кәрзеңке. толды. 44 Ал тамақтанған ер адамдардың жалпы саны бес мыңдай еді.6:44 Олармен бірге әйелдер мен балалар болып, олар да тоя тамақтанды (Мат 14:20-21).

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também