Шетелдік әйелдің Мәсіхке деген зор сенімі
24 Иса сол жерден жолға шығып, Тир (мен Сидон) аймағына7:24 Тир Ғалилеядан елу, ал Сидон сексен шақырымдай қашықтықта қазіргі Ливан елінің (ежелгі Финикия өлкесінің) теңіз жағасында орналасқан, кеме тоқтайтын үлкен қалалар болатын (3:7-8; 7:31; Мат 11:21-22). барды. Өзін жергілікті халыққа танытқысы келмей,7:24 Алғашқыда Иса Құдай ерекше Келісім жасаған Исраил халқына арнап қызмет еткенмен (7:27), кейін барлық халықтарға да Жаңа Келісім арқылы Құдаймен тікелей байланыс жолын ашты (16:15; Жох 10:16; 11:52). бір үйге кірді. Алайда Ол бейтаныс болып қала алмады. 25 Себебі Оның келгені туралы естіген бір әйел дереу жақындап, аяғына жығылып тағзым етті. 26 Әйел Исраил халқынан емес,7:26 Яки: Әйел грекше сөйлейтін басқа ұлттың адамы (эллин) еді (Жох 7:35; 12:20). (Құдайға сенбейтін) Сириядағы Финикия өлкесінен болатын. Оның жын соққан жас қызы бар еді. Әйел Исадан қызындағы жынды қуып шығаруын сұрады. 27 Бірақ Иса оған:
— Алдымен «балалар» жеп тойсын: «Балалардың нанын алып қойып, үй күшіктеріне тастау дұрыс емес», — деді.7:27 Кейде исраилдіктер өздерін Құдайдың рухани балалары, ал Құдайға мойынсұнбай, күнәға батқан басқа ұлттардың өкілдерін астарлап иттер деп атайтын. Ал Иса үй күшігі деген сыпайырақ атауды қолданды. Әйел:
28 — Айтқаныңыз дұрыс, Тақсыр! Дегенмен «үй күшіктері» де сәбилердің дастарқанынан түскен ұсақ-түйек қалдықтармен қоректенеді ғой?7:28 Әйел Құдайдың өз рақымын «рухани балалары» (исраилдіктер) арқылы басқа халықтарға да молынан жібергенін түсініп, Оған деген зор сенімін көрсетті (7:24,27-дегі түсініктемелерді әрі Мат 15:22-28-ді де қараңыз). — деп жауап берді. 29 Сонда Иса:
— Мұны дәл айттың. Сол үшін үйіңе қайта бер, жын қызыңның бойынан шығып кетті, — деді. 30 Әйел үйіне қайта оралған соң, қызының жынынан арылып, төсекте тыныш жатқанын көрді.